Eurasian Nordic Business Association
ENBA қауымдастығы туралы
Еurasian Nordic Business Association (ENBA) – Скандинавия мен Еуразияның іскерлік қоғамдастықтары арасында бизнес байланыстарды орнатуға және дамытуға бағытталған үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым. Біздің миссиямыз тұрақты экономикалық өсуді қолдау және екі аймақтағы компаниялар үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Біз инновацияның күшіне сенеміз. Біздің қауымдастық Қазақстанда және Орталық Азияда табысты жұмыс істеп жатқан скандинавиялық компанияларға қолдау көрсетеді. Солтүстік елдер үшін бұл - нарықтарды кеңейту және өзара тиімді байланыстар құру мүмкіндігі. Жергілікті компаниялар үшін біз озық технологияға қол жеткізуді ұсынамыз. Біз стандарттарды арттыруға және нарықтарымызды одан да бәсекеге қабілетті етуге ұмтыламыз.
Бізге қосыл және бүгін болашақтың бір бөлігі бол!"
Миссиясы мен көзқарасы
ENBA инновацияға, тұрақтылыққа және өзара дамуға негізделген болашақты бірлесіп қалыптастыру үшін Қазақстан мен Орталық Азияның кәсіпкерлері мен компаниялары скандинавиялық компаниялармен бірге келетін белсенді және ықпалды бизнес-қоғамдастықты құруға ұмтылады.
ENBA-дің мақсаттары мен құндылықтары
Біздің мақсаттарымыз бен құндылықтарымыз ENBA-дің Скандинавия мен Еуразиядағы компаниялар үшін күшті және өзара тиімді іскерлік қоғамдастық құру жөніндегі міндеттемесін көрсетеді.
ENBA қауымдастығының мақсаттары
ENBA қауымдастығының құндылықтары
Мүдделерді қорғау: қауымдастық мүшелерінің мүдделерін мемлекеттік және аймақтық құрылымдар деңгейінде лоббирлеуде белсенді қолдау көрсету.
Ынтымақтастық мүмкіндіктері: Бірлескен жобаларға, зерттеулерге және қауымдастықтың басқа мүшелерімен серіктестікке қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Мүшелер туралы насихаттау: компанияны қауымдастық ішінде таныстыру мүмкіндігі, оның ішінде веб-сайтта орналастыру, жарияланымдарға, әлеуметтік желілерге және жарнамалық материалдарға қатыстыру.
Арнайы жеңілдіктер мен қызметтер: ENBA-мен жұмыс істейтін серіктестер мен компаниялардан артықшылықтар мен жеңілдіктер алу.
Мүшелік ерекшеліктері
ENBA қауымдастығына мүшелік екі аймақтың: Еуразия мен Скандинавияның іскерлік қоғамдастығында бизнесті дамытуға, маңызды байланыстар орнатуға және білім беру және кәсіби іс-шараларға қатысуға бірегей мүмкіндіктер береді.
Тіркеу
Мүшелікті растау
Тіркелгеннен кейін өтінішіңізді ENBA өкілдері қарайды. Бекітілгеннен кейін сізге мүшелікті растау ұсыныланған соң, қауымдастық мүшелігі туралы келісімге қол қою қажет.
Мүшелік жарнаны төлеу
Мүшелік расталғаннан кейін мүшелік жарна төленуі керек. Бұл қауымдастық беретін толық жеңілдіктер мен ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Іш-шараларына қатысу және мүшелікті белсендіру
ENBA іс-шараларына, желілік кездесулер мен жобаларға белсенді қатысыңыз. Бұл қауымдастық ұсынған мүмкіндіктерді барынша пайдалануға көмектеседі
Жаңалықтар
Іс шаралар
Пікірлер
Бізбен байланысу жолдары:
Батырманы басу арқылы сіз жеке деректерді өңдеуге келісесіз және құпиялылық саясатымен келісесіз.